«Жастар – діни экстремизмге қарсы»

Бүгін ауданымызда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жастар – діни экстремизмге қарсы» атты облыстық іс-шара өтті. №8 білім ордасының төрінде болған форум жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жұмыстарын күшейту, радикалды идеологияның таралуының алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ діни экстремизмнің қаупі турасында түсіндіру мақсатын көздеп, жоғары деңгейде өтті.
     Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев, аудандық Полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі Айбат Бекмұратов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі Қарас Қазиев, аудандық «Кең Жылой» газетінің тілшісі Диана Ізбасарова, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Думан Күмісбек, сонымен қатар Жылыой аудандық Мәслихат депутаты Әлібек Амандықов қатысып, жастарға ой саларлық әңгімелерімен бөлісті. Олар дін мен дәстүрді ұштастыра отыра, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға шақырды. Және әлеуметтік желідегі түрлі уағыздарды сараптан өткізуін сұрады. 
     Жиынға қатысқан оқушы ұл-қыздар мен студенттер де қалыс қалмай, ислам шеңберінде ойландыратын сұрақтарын қойып, өз ісінің мамандарынан жауаптарын да алды. 

                                                                                                  Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT