Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмасы еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық қадам деп санаймын.
Бүгінде әлемде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект экономиканың барлық саласына еніп, адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмай, өз инновациялық әлеуетін толық пайдалану керек.
Президентіміз атап өткендей, әлемде алдағы жылдары бұл салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Демек, Қазақстан үшін де осы бағытта нақты жоспар мен жүйелі саясат қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін жасанды интеллект мамандарын даярлауға басымдық беріп, университеттер мен ғылыми орталықтардың әлеуетін күшейту қажет.
Жалпы, жасанды интеллектіні дамыту – еліміздің интеллектуалды және экономикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтерудің басты тетігі. Президент бастамасын қолдай отырып, барша қазақстандықтарды осы бағыттағы өзгерістерге белсенді үлес қосуға шақырамын.
Айдана Ермекқызы, педагог


