Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа Қазақстан

Биылғы Жолдау «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация және ұлттық прогресс» деген тақырыппен өтті.

Бұл құжат еліміздің даму стратегиясындағы жаңа кезеңді айқындап, цифрландыру мен инновацияны ұлттық саясаттың өзегіне айналдыруды көздейді.

Мемлекет басқару жүйесін автоматтандыру, халыққа қызмет көрсетуді жеңілдету және IT-білімге инвестиция салу – елдің жаңа кезеңге өтуінің алғышарты болмақ.

Сонымен қатар, Жолдауда білім мен ғылымды дамыту, әлеуметтік әділеттілікті күшейту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірлік теңгерімді арттыру мәселелері кеңінен қамтылды. Президент жастарға, мұғалімдерге және кәсіпкерлерге нақты қолдау тетіктерін ұсынды.

Ендігі міндет – айтылған бастамаларды жүзеге асырып, еліміздің өркендеуі жолында нақты нәтижелерге жету.

Қала тұрғыны Мөлдір Қайратқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT