Жарқын жобалар бастауы

Қазір нарықтық заман.  Дегенмен,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тың бастамалары көп көмегін тигізуде.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында да біраз мәселелерді тілге тиек етті. Ол өз сөзінде: 

-Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды,-деген еді.  
Иә,  қазір жаңа туған сәбиге де 1 жыл емес,  1.5 жыл жәрдемақы төленеді. Одан бөлек,  жыл сайын 100$ доллардан әр баламыздың қорына түсіп отыр.  Қазір көзге көрінбегенімен,  олар ЖОО-ға түсетін кезде көп көмегін тигізеді деп сенемін. Айта берсек, кем-кетік де,  жарқын жобалар да табылады.  Әйтсе де,  билік пен бұқара біріксек,  жарқын болашаққа нық қадам басарымыз сөзсіз. 

Мариям Бозаева
Көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT