Жаңа Қазақстанға бағытталған нақты қадамдар

Президенттің биылғы Жолдауы «Жаңа Қазақстан – жаңару мен әділеттілік жолы» қағидасына сүйене отырып, елдің басты даму басымдықтарын белгіледі.

 Жолдауда өңірлердің тең дамуына ерекше көңіл бөлінді. Елдің әр аймағының әлеуетін ескере отырып, жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ.

 Ауылдық жерлерге жол, ауызсу, интернет және мектеп-аурухана құрылыстары бағытталады. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты әлеуметтік саясаттың көрінісі.

 Жолдауда  қойылған міндеттер тек мемлекеттік органдарға емес, әрбір азаматқа жауапкершілік жүктейді. белгіленген реформалар нақты жүзеге асса, Қазақстан экономикалық тұрғыдан қуатты, саяси тұрғыдан тұрақты және әлеуметтік тұрғыдан әділетті мемлекетке айналары сөзсіз.

                                    
        «Қазақстан ХалықБанкі» АҚ
      Атырау облыстық филиалының 
      Жылыой аудандық басқарма басшысы  Нұрғалиева Ақмарал

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT