Жаңа бағыт – елдің болашағына инвестиция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің цифрлық даму кезеңіндегі стратегиялық бағдарды айқындайтын маңызды құжат.

Мемлекет басшысы өз сөзінде:

«Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келеді», – деп атап өтті. Бұл пікір – бүгінгі әлемдік шындықты дәл бейнелейтін ой. Қазірдің өзінде жасанды интеллект пен автоматтандыру көптеген саланы түбегейлі өзгертті. Сондықтан Қазақстанның бұл бағыттағы даму саясаты — уақыт талабына толық сай шешім.

Президент атап өткендей, «менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады». Бұл бастама — жастардың инновациялық әлеуетін ашуға, технологиялық білім мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған маңызды қадам. Ең бастысы, мұндай жобалар ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы әбден мүмкін.

Нұрбақыт Юрийқызы,

№9 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT