Жаңа Ата Заң – жаңғырудың жарқын жолы

Ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жаңа Ата Заң жобасын жариялауы болды. Бұл жай ғана заңдық құжат емес, бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған, елімізді жасанды интеллект дәуіріне бейімдеуге бағытталған стратегиялық қадамының заңды жемісі.

Бұл реформаның басты құндылығы – оның ашықтығында. Алты айға созылған қоғамдық талқылаулар барысында азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы екі мыңнан астам ұсыныс жолдады. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Жұмыс тобы әрбір ұсынысты мұқият саралап, халықтың үнін негізгі заң жобасына арқау етті.
Бастапқыда шамамен 40 бапқа өзгеріс енгізу көзделгенімен, халықтың белсенділігі мен сарапшылардың ұсыныстары нәтижесінде реформаның ауқымы кеңейді. 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент атап өткендей, бұл өзгерістер тек саяси жүйені емес, қоғамдық өмірдің барлық қырларын қамтитын болады.
     Реформаның басты жаңалығы – бір палаталы Парламентке көшу бастамасы. Бүгінгідей ақпарат пен технология қарыштап дамыған заманда мемлекеттік шешімдердің жедел әрі сапалы қабылдануы өте маңызды. Бір палаталы жүйе – заң шығару үдерісін бюрократиядан арылтып, Парламенттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.


Расул Өтемғалиев, Құлсары қаласы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT