Жаңа жыл - жаңа өзгеріспен

Перизат Қизатова
Депутат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптадағы мәлімдемесінде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының  кезектен тыс сайлауы туралы хабарлады. Меніңше, бұл жаңа жылдағы – жаңа бастама.

Өткен жылғы Жолдауында да Мемлекет басшысы оңды өзгерістер орын алады деген болатын. Расымен, 2022 жылдардан бері елімізде жүйелі саясат орнап, к-птеген о4 өзгерістер орын алды. Алдымен бүкілхалықтықреферендум, одан кейін кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Бұл жаңашылдық елдегі саясаттың өзгеруіне ықпал етті. Міне, енді наурыз айында да Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өткелі отыр. Бұдан әрі еліміз демократиялық дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа өзгерістерге қадам басады деп сенеміз. Халық алдағы сайлаудан елімізде саяси реформаны жүйелі жалғастыруға белсене кірісетін және үлес қосатын, сөзі мен ісіне берік кандидаттарды күтеді.

Енді алдағы Мәжіліс сайлауының белгілі бір пайызыпартиялық, қалған пайыыз мажоритарлық жүйе негізінде өтеді. Бұл халықтың билік басындағы істерге белсендірек араласуына, жаңа саясаткерлердің қалыптасуына жол ашады. Халық өз таңдауларын ашық білдіріп, тартысты бәсекеде  көрінуі керек.

П.Қизатова,

Жылыой аудандық мәслихаттың 7-шақырылымының депутаты 

                                                                                                                                      журналист

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521