Жаңа дәуірге қадам бастық

Депутат

Соңғы жылда орын алған оқиғалар мемлекетімізде түбегейлі өзгерістердің қажет екенін көрсетті. Міне, осыны жақсы түсінген Президентіміз өткен жылы батыл саяси реформаларды іске асыруға бел буды. Былтыр сең қозғалып, бүгінде ол өз жалғасын тауып келеді. Және де өзгерістің барлығы қарапайым халықтың мүддесіне сай жасалып жатқаны қуантады.
Парламент Мәжілісінің таратылып, барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігі тоқтатылып, алдағы наурыз айының 19-ына қайта сайлаудың тағайындалуы – сол саяси өзгерістердің заңды жалғасы деп білгеніміз жөн. Енді депутаттар жаңаша үрдесіпен сайланып, халық қалаулыларының қатарына қара халықтың арасынан шыққан азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Соның арқасында, Президент айтқандай, өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтар келіп, азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасалады.
-Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады, - деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде.


Сырымбек Сәрсембаев,
облыстық мәслихаттың 7-шақырылымының депутаты

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика