Әлеуметтің әлеуетін көтеру, жұмыссыз жандарды жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар қабылданып жатыр. Себебі бүгінгі күні жұмыссыз адамдар көп. Бірі мамандығына сай келетін жұмыс таппаса, бірі мемлекеттік бағдарламаларға жүгінбейді. Осы ретте тұрғындардың жағдайын, әлауқатын көтеру үшін елімізде көптеген кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды іскеасыру шаралары қалыптасуда.
Халықтың басты талабы – жұмыспен қамтылуы. Аудандағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындары мен жаңа бағдарламалар ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт жұмыспен қамту орталығына барса, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде еңбекпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларының айлық жалақысы өсті. Бұл бағдарламаларға мемлекеттің қаржылай серапін беруі деп айта аламыз. Сондай-ақ, 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған «Күміс жас» бағдарламасы қолға алынды. Бұл - жеке кәсіпкерлер мен ЖШС мекеме иелерін бірігіп жұмыс жасауға шақыру. Жылыой ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім- шарт негізінде жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы құрайтын бағдарлама. «Әлеуметтік жұмыс орны» бойынша жалақының 35 пайызын жұмыспен қамту, 65 пайызын кәсіпорын төлейді. Одан бөлек, жұмыспен қамту орталығында кәсіпкерлікті оқыту курстары да бар. Оның ішінде көпбалалы аналар да, жұмыссыз жастар да оқыту курстарынан өте алады.
Бүгінде жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы мемлекеттік бағдарламаларға жүгініп еңбекпен қамтамасыз етілу тұрғындар үшін тиімді. Айта кетейік, жұмыспен қамту орталығы бағдарламалардан бөлек мекемелерге қажетті жұмыс орындарын да ұсынып отыр. Оның ішінде, «Новус Болашақ» ЖШС коимпаниясы инженер, КМТ бас, КМТ инженері бос вакансияларын ұсынады. Сондай-ақ «Falcon Security Services» ЖШС мекемесіне күзетші, «Болашақ Атырау» компаниясына кип бойынша жетекші-кеңесші, жұмыс рұқсаттары бойынша үйлестіруші, аудармашы, келісім-шарт және бюджеть жөніндегі кеңесші, рұқсат беруші маман, жекеткі инженер, топ жетекшісі, техникалық бақылау маманы, өндіріс инженері қажет.
А.Таубаева