Зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Атырау облыстық филиалы "Ашық есік күнін" өткізеді.   

Басты тақырып - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".

    Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.

    Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " 2025 жылдың 24 қыркүйегінде және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 онлайн-форматта өткізіледі.

    Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mab28ce6e75726de414632848a378ef0f. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 776 4601 және event-кеңестің паролін 12345 енгізіңіз.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT