«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:
Айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
Ең төменгі базалық зейнетақы – 20 191 теңге;
Күнкөріс деңгейі мөлшері – 37 389 теңге
2022 жылдың 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап – 4 пайызға артты. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өсті. Ал зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әр бір зейнетақы алушылардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес ең төменгі 20 191 теңгеден ең жоғарғы базалық зейнетақы 37 389 теңгеге дейін арттырылды.
Орта есеппен базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда орташа зейнетақы мөлшері – 114 810 теңгені құрайды
Сонымен қатар мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері, күнкөріс деңгейінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:
Мүгедектік жәрдемақылар:
1 топтағы мүгедек (жалпы ауру) 69 155 теңгеден – 71 787 теңгеге;
2 топтағы мүгедек (жалпы ауру) 55 108 теңгеден – 57 206 теңгеге;
3 топтағы мүгедек (жалпы ауру) 37 459 теңгеден – 38 885 теңгеге;
7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден – 52 345 теңгеге артты.
7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
Бала жасынан 1 топтағы мүгедек 69 155 теңгеден – 71 787 теңгеге;
Бала жасынан 2 топтағы мүгедек 57 269 теңгеден – 59 449 теңгеге;
Бала жасынан 3 топтағы мүгедек 43 222 теңгеден – 44 867 теңгеге көбейді.
Бұдан бөлек балаларға арналған жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар да барлық жәрдемақылар 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап өсті.
Сәуір, мамыр айларының өсімі бойынша айырмашылық төлемді маусым айындағы зейнетақы мен жәрдемақыларға қосылып төленді.
Аудандық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі