Заңсыз ойын зауалсыз қалмайды

Лудомания – бүгінде қоғамда белең алған қауіпті дерт. Ол тек жеке адамның емес, бүкіл отбасының тыныштығына әсер етеді. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау бағытында ойын бизнесін қатаң бақылау, онлайн-букмекерлердің жұмысын реттеу – маңызды шара.

Мамандар лудоманияны психологиялық тәуелділік деп бағалайды. Сол себепті тек тыйым салу емес, алдын алу, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да үлкен рөл атқарады.

Лудоманияның алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Заң мен тәртіп күшейген жерде ғана қауіпсіз орта қалыптасады.

                                 Қала тұрғыны
                               Мақсат Толықбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT