Қазіргі таңда ел экономикасында жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар мен инфрақұрылымға, жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына жол ашатын маңызды қадамдар. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бастамалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және ел әлеуетін күшейту.
Шын мәнінде, өңірлерде жаңа жұмыс орындарының ашылып, өндірістің жандануы – әлеуметтік тұрақтылықтың да берік негізі. Сонымен қатар, Президент көтерген тағы бір өзекті мәселе – жасанды интеллектінің қарқынды дамуы. Бұл құбылыс бүгіннің өзінде қоғамға, әсіресе жастардың ой-санасына, мінез-құлқы мен өмір салтына айқын әсер етіп отыр.
Жасанды интеллект – бір жағынан, ғылым мен технологияның үлкен жетістігі болса, екінші жағынан, адам санасына, тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей ықпал ететін күрделі фактор. Осы тұрғыда жастарды тек технология тұтынушысы емес, оны саналы түрде игеретін, ел дамуына қызмет ететін тұлға ретінде тәрбиелеу – басты міндет. Экономикалық жаңғыру мен цифрлық даму қатар жүріп, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидалар көлеңкеде қалмауы тиіс.
Алия Жұмағұл



