Заңға бағыну - қоғам тұрақтылығының басты кепілі

Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы құқықтық мәдениет деңгейімен тікелей байланысты екені жиі айтылып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау — мемлекеттің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіз өмірінің негізгі шарттарының бірі.
         Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, жаңа құқықтық нормаларды енгізу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Мамандардың айтуынша, мұндай қадамдар құқық бұзушылықтың алдын алуға және әділетті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заңгер Еркін Жарасовтың пікірінше, «қоғамда заң талаптарының нақты және бірізді орындалуы тұрғындардың мемлекетке деген сенімін арттырады». Оның айтуынша, құқықтық тәртіптің әлсіреуі әлеуметтік дағдарыстарға, ал оның күшеюі тұрақтылыққа жол ашады.
Қоғамдық тәртіп тек күштік құрылымдардың жұмысына ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Күнделікті өмірде қарапайым ережелердің сақталуы — қауіпсіздіктің басты кепілі. Әсіресе жол қозғалысы, қоғамдық орындардағы тәртіп, экологиялық нормаларды сақтау сынды мәселелер қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT