Заңға бағыну – ел болашағы

Менің жеке пікірімше, заң мен тәртіптің сақталуы – қоғамның дамуы мен халықтың өмір сапасын қамтамасыз ететін негізгі фактор. Сыбайлас жемқорлық – тек мемлекеттік органдарға ғанақатысты мәселе емес, ол әрбір азаматтың өмірінеәсер ететін теріс құбылыс. Мен өзім адалдық пен әділдікті жоғары бағалаймын, сондықтан сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік тек мемлекеттің міндеті емес, әр адамның жеке жауапкершілігі деп санаймын.

Жеке тәжірибемнен айтар болсам, біз күнделікті өмірде кішкентай ғана әрекеттеріміз арқылы адалдық пен әділдікті қолдай аламыз. Мысалы, достарымызға немесе мектептегі сыныптастарымызға әділ болу, әр істі шынайы орындаубұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың бір жолы. Менің ойымша, әр адам өз ісіндеадал болса, қоғамда тәртіп орнап, адамдар бір-біріне сеніммен қарай бастайды. 

Сонымен қатар, менің пікірімше, жастардың рөлі ерекше маңызды. Біз болашақтың азаматтары ретінде адалдықты, әділдікті өз бойымызда қалыптастырып, оны айналамыздағы адамдарға көрсетуіміз керек. Жолдауда айтылғандай, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар қабылдауы маңызды, бірақ олар тек заңмен шектелмей, әр адамның сана-сезіміне әсеретуі керек деп ойлаймын. 

 

                                                          Қала тұрғыны

                                                     Арай Лепеспайова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT