Заң мен тәртіп – зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түрі – отбасындағы, көшедегі немесе психологиялық қысым болсын – заңмен де, ар-ожданмен де ақталмайтын құбылыс.

 Зорлық-зомбылық – тек бір отбасының немесе бір адамның мәселесі емес, бұл – бүкіл қоғамның дерті. Егер біз оған көз жұма қарасақ, үнсіз қалсақ, әділетсіздікке өзіміз жол берген боламыз. Сондықтан «Заң мен тәртіп» ұстанымы ең алдымен әлсізді қорғау, әділеттілікті қалпына келтіру, жауапкершілікті күшейту дегенді білдіреді деп ойлаймын.

  Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және адамға қол көтеруге мүлде төзбеу – нағыз азаматтық ұстаным. 

                      Қала тұрғыны
               Жетес Сүлейменов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT