ЗАҢ БІЛМЕГЕНДІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ

Әлеуметтік желілерге теріс бағыттағы радикалды мәліметтерді таратып, бөлісіп, жүктегені үшін және рұқсат етілмеген жерлерде діни құлшылықтар жасағаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік бар. Бұл еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген. Міне, осы заңдылық талабына сәйкес қаралған құқықтық жауапкершілікті түсіндіру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі қаладағы №1 орта мектепте кездесу ұйымдастырды.

Оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен оған қарасты Құлсарыдағы №2 және Жаңа Қаратон кентіндегі №9 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының қызметкерлері қатысты. Кездесуге "Шапағат" қоғамдық қорының теолог маманы Думан Балықшиев келіп, заңдылық талаптары туралы толығырақ мағлұмат беріп, түсінік жүргізді.

–Егер осындай заңға қайшы жағдай орын алатын болса, онда азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 баптарында көрсетілген әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтыны анық. Сондықтан аса сақ болғанымыз абзал,-деп сөзін түйіндеді теолог.

Кездесу кезінде қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Соңында теолог-маман төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерінің қойған көкейдегі көп сауалдарына жауап берді.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT