«...Ықылас-ниет естен кетпес»

Қазан айы – қайырымдылық айы. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арнап қаламыздың жаны жомарт жандары ақ дастархан жайып, ерекше жандарға құрмет көрсетті. 

Шараны «Жылыой ауданы филиалы мүгедектігі бар жандардың қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманкелді Көздібайұлы алғыс-тілектерімен ашыпты. Бұрынғы бірлестік басшылары Мерхан Алғазиева және Валия Мұқанова жүрекжарды ризашылықтарын жеткізді.

- Бұл мерекенің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымды білдіремін. Орталықтың ашылғанына наурыз айында 28 жыл толады. Осы аралықта қариялар үшін жақсылық жасап, игі іспен айналысқандар өте көп. Бұл мереке қарияларға тағы бір мәрте тағзым етіп, өмірлік тәжірибесін дәріптеудің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның айрықша көңіл бөлетінін көрсетудің айқын көрінісі дей отыра, ұйымдастырушыларға рахмет айтамын,-деді филиал басшысы Амангелді Көздібайұлы.

Атап өту керек, бұл игі іске қазан айы бойы «Дәмді» мейрамханасының басшысы Мұрат Аманқосұлы, «Мария Плаза» мейрамханасының басшысы Омар Тұрашұлы, «Ару-Ана» мейрамханасының басшысы Досбол Жанғалиұлы және «Мадина» мейрамханасының иесі Нұржамал Екібаевалар демеушілік жасап, қонақтарға әдемі дастархан жайып, шынайы құрметтері мен жылы лебіздерін көрсеткен болатын.

Кештің атмосферасы ерекше жылы әрі көңілді болды. Мүмкіндігі шектеулі әнші балалар ән айтып, би билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қарттарымыз да өз алғыстары мен жақсы тілектерін білдіріп, ілтипат сөздерін арнады.

А.ТАЛАПКЕР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT