Электронды сауда көлемі артып, озық технологиялық өнімдер жаппай айналымға енген кезеңде әуе арқылы жүк жеткізу – ең сұранысқа ие әрі табысы мол бағыттардың бірі болып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы саладағы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, әуе хабтарын белсенді түрде дамытуға ерекше назар аударды.
Бұл – еліміздің жаһандық логистика тізбегіне тереңірек кірігуіне жол ашатын маңызды қадам. Әуе хабтарының қуатын арттыру сыртқы сауда тасқынын жеделдетіп қана қоймай, Қазақстанды өңірлік көлік-логистикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы экспресс-жүк тасымалдау саласын ретке келтіруді тапсырды. Бұл ең алдымен тұтынушылардың мүддесін қорғау үшін маңызды. Жедел жүк жеткізу қызметтерінің сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігі қамтамасыз етілсе, шағын және орта бизнес те, қарапайым тұрғындар да айтарлықтай пайда көреді.
Президенттің бұл бастамасы цифрлық сауданың қарқынды өсіп келе жатқан талабына дер уақытында берілген жауап әрі Қазақстанның логистикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге арналған нақты әрекет жоспары деуге болады.
Қала тұрғыны: Шаяхмет Бердібеков



