Президенттің әуе жүк тасымалы мен жаңа технологияларды дамыту туралы бастамасы заман талабына сай, өте өзекті шешім.
Электронды сауда мен цифрлық экономика дамып жатқан кезеңде, жүк тасымалының жылдам әрі тиімді болуы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Әуе хабтарын құру және жаһандық логистика тізбегіне ену Қазақстанды халықаралық сауда орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл экономикамызға қосымша табыс әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады.
Сонымен қатар экспресс-жүк тасымалдау саласын ретке келтіру тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі. Ал пилотсыз көліктер мен дрондарды енгізу елімізді жоғары технологиялы мемлекетке айналдыруға бағытталған батыл қадамның бірі.
Әлқожа Батырбай


