Тәуелсіз елдің ең қымбат қазынасы

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің ең қымбат қазынасы, басты мақтанышы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – халқымыздың сан ғасырлық тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен рухани байлығын сақтап келе жатқан қасиетті тіл.

Ана тіліміз арқылы біз ата-бабамыздың аманатын, асыл мұрасын, өнегелі сөздерін бүгінгі ұрпаққа жеткіземіз. Сондықтан мемлекеттік тілді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Өз тілін қадірлеген ел ғана еңселі, рухы биік мемлекет бола алады.

Қазақ тілі тек қарым-қатынас құралы емес, ол – тәуелсіздігіміздің белгісі. Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолдану аясы кеңейді. Бүгінде ол білім беру, мемлекеттік басқару, мәдениет пен ақпарат салаларында кеңінен қолданылады. Сол үшін де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпақ ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза білуі тиіс. Себебі тілдің болашағы жастардың қолында. Тілімізді құрметтеп, оны күнделікті өмірде қолдансақ, оның абыройы асқақтай түседі. Қазақ тілін сақтау, дамыту және дәріптеу – әр қазақтың қасиетті борышы. Тілін құрметтеген халықтың болашағы әрдайым жарқын болмақ.

 З.Қуанышева,

 аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT