2025 жылдың 23-24 қыркүйектерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркта БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының Жалпы дебатына қатысып, жаһандық сын-қатерлер мен Қазақстанның халықаралық ұстанымдары жөнінде маңызды мәлімдемелер жасады.
Президент соғыс немесе қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажеттігіне мән берді. Ол мемлекет басшыларына «әрекет ету міндеті» екенін, екендігін айтып өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мінберінен айтқан бастамалары Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтып қана қоймай, әлемдік қауымдастыққа маңызды үндеу болды.
№20 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі
Аққу Рзаханова