Қазіргі заманда гендерлік саясатты насихаттау – қоғамдағы теңдік пен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Гендерлік саясат әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін тең дәрежеде жүзеге асыруға, әлеуметтік өмірдің барлық саласына белсенді қатысуына жағдай жасауға бағытталған.
Гендерлік теңдік – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Әйелдер мен ерлердің білім алу, еңбек ету, басқару ісіне араласу мүмкіндіктері тең болған жағдайда елдің әлеуметтік- экономикалық әлеуеті артады. Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бар. Әйелдердің қоғамдық және саяси белсенділігін арттыру, отбасылық құндылықтарды қорғау, еңбек нарығында тең жағдай жасау мәселелері кезең-кезеңімен қолға алынуда. Алайда, қоғамда әлі де гендерлік стереотиптер мен қате түсініктер кездеседі. Сондықтан ақпараттық-насихат жұмыстарының маңызы зор.
БАҚ арқылы гендерлік саясатты насихаттау халықтың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттырады. Теледидар, баспа басылымдары, интернет платформалар мен әлеуметтік желілерде жарияланған сапалы материалдар қоғамда теңдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе, жастарға арналған мазмұнды мақалалар мен сараптамалық пікірлер оң нәтиже береді. Қорытындылай келе, гендерлік саясатты насихаттау – тек мемлекеттік міндет емес, бұл бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Тең құқық пен өзара құрметке негізделген қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады.
Ақтолқын Елеукенова,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы,
сот мәжілісінің хатшысы



