Редакциямызға Әбдірахманов көшесінің Омарғали Жалғаспаев есімді тұрғыны келіп, өзі тұратын №2-ші көппәтерлі үйдегі 5-подьездің тазалығын айтты. Подъездің іші, баспалдағы, есігіне дейін айнадай таза.
Ал, бұл сол маңдағы өзге үйлерге ғана емес, басқа да қаламыздағы ықшамаудан тұрғындарына үлгі боларлықтай. Біз де дәл солай екеніне көз жеткіздік. Өйткені сол подьездің барлығы дерлік тұрғындары подьезд ішін, ауласын таза ұстайтыны көрініп-ақ тұр. Бұдан бұрын да қала тұрғынының бастамасымен сол маңайдағы көршілер бірігіп сенбілік ұйымдастырылып жүрген-ді. Тазалыққа баса мән беретін Айжан Талова, Гүлшара Қуантханова, Ақкенже Досболаева т.б сол үйдің тұрғындары «подьезд ішін, ауланы өзіміз үшін таза ұстаймыз. Тазалық-денсаулық кепілі» дейді.
Әбдірахманов көшесіндегі №2-ші үйдің 5-подьезд тұрғындарының ұстанымы өзге тұрғындарға үлгі боларлықтай!
А.МОЛДАШЕВ