Татулыққа бастайтын съезд

Бүгін елордада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі болып өтті.

Дін өкілдері арасындағы жиынға биыл 60-тан астам елден 700-ге жуық делегат келген. Съезд қатысушыларының арасында түрлі діндердің көшбасшылары, халықаралық ұйым өкілдері, саясаткерлер мен беделді сарапшылар да бар. Қазақстан әрдайым адам құқығын бірінші орынға қоятын, сол адамдар арасындағы татулық пен бірлікті, бейбітшілікті ұран етіп ұстанатын мемлекет. Мұны біз бүгінгі жиыннан анық байқай аламыз. Астана қаласы тағы бір мәрте өркениеттер диалогының жаһандық алаңына айналып отыр.

Діндер диалогы: Болашақ жолындағы синергия атты әлемдік шара аясында діннің адамзат өміріндегі орны, цифрлық даму мен жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар және экстремизмге қарсы күрес жөнінде сөз болды. Бүгінде жат ағым, зорлық-зомбылық, дін аралық қақтығыстар әлемдік деңгейдегі проблемаларға айналып отыр. Айтылған мәселелердің шешімі де осы съезде ашық баяндалатын болады. Ол осындай ауқымды жиынның біздің елімізде өтіп жатқаны үлкен мәртебе.

Әсел Мағзұмова,

теолог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT