«Таңдау» тұрақтылық пен сенімге бастайды

Құлсары қаласында «Таңдау» бағдарламасының қатысушыларын іріктеу кезеңі аяқталды.

Енді ондаған аудан тұрғындары өз ісін бастау үшін ТШО-дан қаржы алады. Олардың қатарында көп балалы ата-аналар, жастар, жұмыссыздар мен жас кәсіпкерлер бар. Қатысушылар қызмет көрсету, білім беру, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы және қолөнер салаларындағы жобаларын ұсынды.

Маркетинг, қаржы және бизнес басқару бағыттарында тегін оқудан өткен соң олар өз идеяларын қорғап, енді жабдық сатып алып, кәсіптерін іске қосуға дайындалып жатыр. Орталық Азияның Еуразиялық қорының әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламаларының директоры Айгүл Тагатова:

«Біздің мақсатымыз – адамдарды тек кәсіпкерлікке үйрету емес, ең алдымен өзіне сенуге көмектесу. Әрбір жоба – бұл бастама мен еңбексүйгіштік қоғамды өзгертетін күшке айналатын, мықты әрі тәуелсіз қауымдастыққа қарай жасалған қадам».

«Таңдау» бағдарламасы Жылыойда 2023 жылдан бері «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 44 жоба қаржыландыру алып, 105 адам өз ісін ашқан немесе кеңейткен.

Бұл бастама тұрғындарға бизнес бастаудан бөлек, өмірін өзгертуге мүмкіндік береді – идеяны тұрақтылық пен болашаққа деген сенім көзіне айналдырады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT