Тұрғындар мұңын тыңдады

Мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек, қарапайым халықты жұмыспен қамту, баспанасызға тұрғын үй, ауыз су, қараңғы көшелерге тоқ көзі мен тасжол төсеу, ауыл шаруашылығындағы қордаланған мәселелер мен өзге де әлеуметтік, коммуналдық проблемалар аудан тұрғындарын қатты мазалап жүр екен. Бұл жайт жақында аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың аудан тұрғындарын жеке қабылдау жүргізуі кезінде белгілі болды.

 Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары қатысып, әкіммен бірге тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, керек жерінде кеңестерін де берді.      Жұмабек Байрақбайұлының сол күнгі жеке қабылдауына жеке сұрақтары бойынша 28 тұрғын кіріп-шақты. Аудан басшысы әрқайсысының арыз-талаптарын тыңдап, шешілу жолдарын айтты, орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырма берді.

 Жалпы аудан әкімі жыл басынан бері күні бүгінге дейін 19 қабылдау өткізіп, 300-ден астам тұрғынды жеке қабылдады. Негізінен, өңір басшысы аудандық әкімдіктің арнайы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес тұрғындарды аптасына бір рет қабылдайды. Айта кету керек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі жүргізеді. Байланыс нөмірі: 8 (71237) 5-06-83

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз