Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Оған аудан әкімі Халел Жамалов төрағалық етті.
Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы С.Таласов, дербес бөлім басшылары және комиссия мүшелері қатысты. Білім беру саласында жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жөнінде қабылданып жатқан шаралар күн тәртібіндегі қаралған өзекті мәселелер қатарынан табылды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы Зинат Тұрсыналиева баяндама жасады. Оның айтуынша, «Іс-шаралар мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және білім алушыларды өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу» болып табылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында осы тақырыпта бұйрықтар шығарылып, арнайы 45 ақпараттық топ құрылған.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын насихаттау мақсатында педагогтар арасында жиналыс өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында баяндамалар оқылды. Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында «Парасатты Азамат» стендісі, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, «Ақша жинауға тыйым салынады» тақырыбында стенділер жасақталған. Барлық білім беру ұйымдарында «Сенім жәшігі» және сенім телефоны үзбей жұмыс жасайды. Сенім жәшігіндегі хаттар мен хабарламаларға және сенім телефонына келіп түскен ақпараттарға жауапты комиссия құрылды, - деді баяндамашы өз сөзінде.
Отырыс барысында аудандық орталық аурухананың директоры Н.Үкібаев «Аудандық орталық аурухананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалысы және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтің көрсетілетін сапасы туралы» айтып өтті.

«Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу» қаулысын негізге ала отырып, аудандық орталық ауруханада жиналыс өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Мен қарсымын» т.б ғимараттық кіре берісінде және әр қатарда адам күту алаңдарында, көрнекі жерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стендтер мен постер (плакат) ілінді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудандық «Кең Жылой» газетінде ақпараттар берілді. Орталық аурухананың және оның бөлімдерінің кіре берісінде тұрғындардың арыз-шағымын білдіруі үшін арнайы жәшіктер орналастырылды. Орталық ауруханада қазір мемлекеттік 20 қызмет көрсетіліп отыр. Осы қызметтердің сапасын қадағалау мақсатында ауруханада пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі құрылды. Оған жауапты мамандар тағайындалып және CALL-центрге келіп түскен арыз-шағымдар өңделіп, тікелей жауап беріліп отыр,- деді аудандық орталық аурухананың директоры Н.Үкібаев.

Комиссия отырысына қатысушылар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жөнінде қабылданып жатқан шаралар» туралы да іс-шаралар тізімін тыңдады. Аталған мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Аққұсов баяндама жасады.

-2022 жылдың бес айында мемлекеттік тұрғын үй қорына, тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою бойынша 258 өтініш қабылданды. Алты адамның өтініші шығарылды, екі адамның кезегі өзгертіліп, бір адам қайтадан кезекке қойылды. Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 2269 мұқтаж азамат тіркелген. Оның ішінде, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім санатты -126, көпбалалы отбасы-585, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметкер-501, I-II-ші топ мүгедегі-261, мүгедек бала асыраушы-172, зейнеткер-34, әскери ұрыс қимылдары ардагері-1, толық емес отбасы-532, созылмалы аурулары бар-8, соғыс ардагерлеріне теңестірілген-1 және апаттық тұрғын үйі бар 43 азамат тіркеліп отыр.
Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ашық есік күні акциясы тоқсан сайын өткізіліп тұрады. 2022 жылы мекеменің ресми парақшасында тұрғындармен «Адал көмек», «Халық заңгері» жобалары аясында тікелей эфирлер жүргізілді. Мемлекеттік қызметті алу тәртібін түсіндіру мақсатында аудан әкімі аппараты ұйымдастыруымен онлайн жәрмеңкелер өткізілді. Әлеуметтік желіге бөлімге қарасты мекемелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жөнінде фотосуреттер мен жарнамалар орналастырылды және сенім жәшігі мен сенім телефоны орнатылған. Сыбайлас жемқорлыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ,- деп түйіндеді баяндамасын Еркебұлан Сайлаубайұлы.

Комиссия мүшелері қозғалған мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.


А.ЖҰМАБАЙҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT