Суицидке емес, өмірге жол ашайық

Қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі – ең алдымен заң мен тәртіптің мықтылығына байланысты. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың күшеюі – азаматтардың құқықтарын қорғауға, тыныш әрі әділ қоғам құруға жасалған маңызды қадам.

 Алайда заңмен қатар, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі – суицидтің алдын алу. Бұл – тек медициналық немесе психологиялық проблема емес, бұл – әлеуметтік жауапкершілік, адами сезім мен жан жылулығын талап ететін күрделі мәселе. 

 Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында орын алатын өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары қоғамды алаңдатып келеді.

  Сондықтан да құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдарының, психологтардың және жалпы қоғамның бірлескен жұмысы аса қажет. Әрбір адамның өмірі – баға жетпес құндылық. 

                              Қала тұрғыны
                  Ұзақберген Сүлейменов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT