Суицид – бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның жан жарасын көрсететін күрделі әлеуметтік мәселе. Бұл – әлсіздік емес, көбіне дер кезінде естілмеген көмек сұрау, түсінілмеген жанның үнсіз дабылы.
Қазіргі таңда өмірдің қарқыны, әлеуметтік қысым, отбасылық қиындықтар, жалғыздық пен психологиялық күйзеліс адамдарды тығырыққа тіреуі мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында эмоцияны іште сақтап, мәселені жалғыз шешуге тырысу жиі кездеседі. Мұндай сәтте бір ауыз жылы сөз, дер кезінде көрсетілген қолдау адамның өмірін сақтап қалуы ықтимал.
Суицидтің алдын алуда отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғам мен мемлекеттің рөлі зор. Баламен ашық сөйлесу, оның жан дүниесіне бейжай қарамау, психолог көмегіне жүгінуді ұят санамау – маңызды қадамдар.
Кез келген қиындықтың шешімі бар, ал уақытша күйзеліс – өмірдің соңы емес. Өмір – ең қымбат құндылық, оны қорғау бәріміздің ортақ міндетіміз.
Қала тұрғыны
Бақтияр Құлбалаев



