Ұстаздар: Жолдау- білім сапасын арттырудың кепілі 

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы  алдымызға үлкен міндеттер  жүктеді. 

Президент Жолдауда  білім беру жүйесінің дамуын да  назардан тыс қадырмады. Әсіресе,  ЖИ негіздерін мектеп қабырғасынан  бастап меңгеру,  олардың  цифрлық дағдыларын дамыту, сол арқылы ұстаздардың да ІТ құзыреттілігін  арттыру  қажеттілігі  елдің дамуына  жасалған  цифрлық өзгерістердің алғышарттары. Осы орайда,  ұстаздардың  біліктілігін  арттырып, мектепке арнайы бағдарламалар  мен оқу құралдары  әзірленбек.

 Сонымен қатар,  ауылдық  жердегі шағын жинақты мектептерді жаңа  цифрлық ғылыми  кабинеттермен жабдықтап,  мұғалімдерге семинарлар мен курстар ұйымдастыру арқылы  ауыл мектептерінің әлеуетін арттырып, білім сапасын жоғарылатуға бағыттауы батыл шешім болды.

«Жолдаудың  тағы бір  көңілге қонымды тұсы - мектептегі  патриотизмді басты  міндет етіп көрсетуі. Білім беру саласына ерекше көңіл бөлінгеніне қуаныштымыз. Мұғалім мәртебесін көтеру, кәсіби дамуға жағдай жасау – біз үшін үлкен қолдау», -дейді математика пәнінің мұғалімі Аққу Рзаханова.

 Жолдаудағы әрбір бастама халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға негізделген. Сондықтан да бұл Жолдау – қоғамды жаңғырту мен елді дамытудағы маңызды белес деп айтуға болады.

 

20 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі

Аққу Рзаханова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT