«Сұрақ-жауап» жалғасуда

«Сұрақ-жауап» айдары жалғасады. Бұл жолы тұрғындар көкейіндегі көптеген өзекті сауалдарға Атырау қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО басшысы Фарида Ералина жауап берді.
1-сұрақ: Қайтыс болған тұлғаның атындағы автокөлік өзге тұлғаның атына қалай ауыстырылады?

Жауабы: Ең бірінші қайтыс болған адамның атынан мұрагерлік іс ашылады.Нотариус тиісті мұрагерлерді анықтап, заң бойынша мұрагерлік куәлігі арқылы мұрагердің атына автокөлік ауыстырылады.
2-сұрақ: Қазіргі таңда шетелден әкелінген көліктерді заңдастыра ала ма?

Жауабы: Ия, заңдастыра алады,ең алдымен кәдеге жарату алымы (утиль. сбор) мен бір жолғы төлем алымын төлеу арқылы

3-сұрақ: Жоғалған автокөліктің нөмерлік белгісін қайта жасату үшін не істеу керек?

Жауабы: Egov.mobile қосымшасы арқылы немесе қалалық ІІБ-нен нөмірдің жоғалғаны жөнінде анықтама әкеліп бөлімге арыздану арқылы қайта жасақтауға болады.

4-сұрақ: Түрлі санаттағы автокөліктер істен шыққан жағдайда, қандай шара қолданылады?

Жауабы: Автокөліктер істен шыққан жағдайда уақытылы Ахуалдық орталығына хабарланып, уақытымен бұзушылық туралы акт жасақталады және В санатындағы көлік құралы істен шыққан шағдайда бөлімде мамандандырылған құрылғымен жабдықталған қосымша көліктің болуына орай емтихан тоқтатылмайтындығы анықталды.

5-сұрақ: Атырауда автодром қай мекемеде бар?

Жауабы: Филиалдың мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөлімінде автоматтандырылған автодром жұмыс жасап тұр. Автодром жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыруға арналған барлық санаттағы A,A1, B, B1, C, D, D1, CE, DE, BE автокөліктермен қамтылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521