Сот қаулысы шықты

Есірткі затын медициналық емес мақсатта тұтынған 28 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот қаулысы шықты.

Аудандық соттың мәліметінше, 1997 жылы туған азамат 27 маусым күні сағат шамамен 00:15-те Т.Кұлтумиев көшесінде полиция қызметкерлері тарапынан тексеру кезінде анықталып, ұсталған.

Медициналық куәландыру қорытындысында оның организмінен “каннабиноидтар метаболиттері” анықталған. Сот отырысы барысында азамат өз кінәсін толық мойындап, сол түні есірткі қолданғанын растады.

Іс материалдары – әкімшілік хаттама, медициналық қорытынды, полиция қызметкерлерінің баянаттары мен бейнежазбалар құқық бұзушылық фактісін толық дәлелдеді.

Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) бойынша қарастырып, азаматтың әрекетін жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тапты.

Сот оның жеке басын және құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі жағдайларын ескере отырып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындарға есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың заң алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін ескертеді.

Айжамал Көптілеуова,

аудандық сот әкімшісінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT