ӘСКЕРИ ШЕРУГЕ КУӘ БОЛДЫ


Міне, көптен күткен Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласындағы әскери шеру де аяқталды. 
   Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарған шеру басталмас бұрын алаңда осыдан 80 жыл бұрын қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен Жеңіс туы желбіреді. 
     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. 
     Шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметкер мен 200-ден аса қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация күштері қатысты. Тұңғыш рет механикаландырылған керуендер қатарына "Бук", "Тор" зенитті-зымыран кешендері, "Барыс", "Алан", "Айбар", "Таймас", "Террекс" дөңгелекті ұрыс көліктері, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер қосылды. Отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары да таныстырылды. Әуе кеңістігінен «А-400» әскери-көлік ұшағы, «L-410» жолаушылар ұшағы және «Би-300» патруль ұшағы ұшып өткен.
    Майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Қазақстан әскерінің бүгінгі айбынын асыруды көздеген салтанатты әскери шеруге біздің өңірден аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гайдар Арыстанов барып, куә болды.
    Гайдар Зиноллаұлының айтуынша, жалпы шеруге Атырау аймағынан 16 адам қатысқан. Көпшілігі ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әскери қызмет, энергетика саласының, тыл ардагерлері, тарихшылар, өңірлердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары, ішінде журналистер де бар. Ал Жылыой ауданынан ресми түрде шеруге қатысқан өкіл Г.Арыстановтың өзі ғана екен.
  Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT