Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіндегі Арнаулы салық режимдері жөнінде түсінік береді. Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі арнаулы салық режимдері (АСР)
Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді:
1)өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2)оңайлатылған декларация негізінде;
3)шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Анықтама:
- оңайлатылған декларация және бөлшек салық негізінде арнаулы салық режимі(АСР) біріктірілді;
- мобильді қосымшаны пайдалану негізіндегі АСР және патент негізіндегі АСР біріктірілді;
- тіркелген шегерімді пайдалану негізіндегі АСР жойылды;
- АШТӨ үшін АСР жойылды (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен).
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:
- Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қолдануға құқылы;
- жалдамалы жұмысшыларсыз;
- шекті табыс - айына 300 АЕК (1,3 млн. тг, жылына 15 млн. тг);
- қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізімі(ҚР ҮҚ);
- табыстың 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер;
- Жеке табыс салығын төлеуден босатылды;
- салық есептілігі жоқ, есеп айырысу ай сайын мобильді қосымшаның чектері негізінде.
2) оңайлатылған декларация негізінде АСР:
- бір жылдағы шекті табыс-600 000 АЕК (2,5 млрд. теңге);
- жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ;
- ЖТС/КТС ставкасы - 4% (мәслихаттар 50% төмендетуге/арттыруға құқылы);
- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (ҚР ҮҚ);
- Қосылған құн салығын төлемейді;
- салық есептілігі жарты жылда бір рет;
- егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн.тг) асатын болса, салық салынатын табыстан еңбекақы төлеу қорының сомасын азайтуға құқылы;
- егер табыс 135 000 АЕК (550 млн.тг) кем болса, бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылады;
- жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміндегі салық төлеушімен өзара есеп айырысу сомаларын шегеруге тыйым салынады.
3) Шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР -(қолданыстағы тәртіп сақталды, салық жеке табыс салығы түрінде төленетін болады, бірыңғай жер салығы жойылады).
- ауыл шаруашылығы қызметі;
- Қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты төлемейді, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлікке салынатын салықтардан босатылған;
- Жеке табыс салығының ставкасы - айналымнан 0,5%; - жер учаскесінің болуы міндетті;
- салық есептілігі жылына бір рет.
Арнаулы салық режимдері жөнінде туындаған сұрақтар бойынша Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 87123751339,51496 телефон нөміріне хабарласуға болатынын қаперге береді.
А.Сатыбалдиева,
«Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру» бөлімінің бас маманы




