Рәсімдер оңтайландырылып, көрсеткіштер өсті

Жылыойда алғашқы жартыжылдықта 708,1 млн теңгеге 251 мемлекеттік сатып алу рәсімі жасалған. Былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда биыл көрсеткіш айтарлықтай өскен.

Мұндай өсімге мемлекеттік сатып алулар заңнамасындағы өзгерістердің арқасында қол жетіп отыр. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнамадағы өзгерістер тек рәсімдерді оңтайландырып қана қоймай, ауылдық деңгейдегі нақты ілгерілеулерге де жол ашты.
2024 және 2025 жылдардың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштерді салыстыру арқылы бұл реформалардың ауылдық округтерде қалай жүзеге асып жатқанына көз жеткізуге болады.

Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң – тек заңнамалық құжат қана емес, ол мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтықты, әділеттілікті және бизнесті қолдауды мақсат еткен реформаның жарқын көрінісі. Мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы сенімді арттыру, өңірлік экономиканы дамыту, бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету – осы реформаның басты нәтижелері болмақ.

Талғат МАҚСҰТОВ, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT