"Ұранды ердің - ұрпағы қайсар"

7 мамыр Отанқорғаушылар күніне арналған "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" атты мерекелік өтті.

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Құттықтау сөз сөйлеген Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз әскеріміз құрылды. Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді. Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы десек, бүгінгі ұрпақ та сол жаужүрек бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері – ұлттың берік қорғаны, тәуелсіздіктің мызғымас тірегіне айналды деп нық сеніммен айта аламыз. Бұл мерекені әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі деп білеміз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін демекпін! Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін! - деді.

Салтанатты шара барасында Жылыой ауданы әкімі Х.Жамаловтың атынан Жылыой аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бірнеше қызметкеріне Алғыс хаттармен гүл шоқтары табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT