Биылғы Жолдауда әлеуметтік салаға ерекше серпін берілгені айқын сезілді. Президенттің халық тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалары – елдің жүрегіне жақын, қоғамның ең өзекті сұрақтарына дәл жауап болғандай.
Әсіресе табысы төмен отбасыларды қолдау, бала күтімі мен жастардың әлеуетін көтеру, денсаулық сақтау саласын жетілдіру туралы бастамалар – қоғамның кең тынысын ашатын үлкен мүмкіндіктер.
Жалпы, әлеуметтік салаға берілген назар – елдің жүрегіне жылу, болашаққа үміт сыйлайтын үлкен күш. Мемлекет қамқорлығы мен халық сенімі үйлесім тапқанда ғана қоғамның шынайы дамуы басталатыны анық.
Аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары
Ақарыс Серікқали


