«Прокуратура-қызметкерлердің құқығын қорғады»

tengrinews.kz

Аудан прокуратурасымен бюджеттік ұйымдардың техникалық персоналына қосымша ақы төлеу шарттарының сақталуына талдау жүргізілді.
Конституцияның 24-бабына сəйкес əркімнің еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар.
Талдау қорытындысы білім беру ұйымдарында 62 еден жуушы қызметкерлеріне базалық лауазымдық жалақысынан 20% және 30% көлемінде қосымша ақы төленбегенін көрсетті.
Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2018ж. №ҚР ДСМ-29 бұйрығының 37-тармағына сəйкес əкімшілік ғимараттардың қызмет орындарын жинағанда дезинфекциялайтын құралдар міндетті түрде пайдаланылады.
Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының 9-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Тазалаушыларға:
-Дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды; БЛА-дан 20 %;
-Дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде БЛА-дан 30% төленеді.
Дегенмен аудан көлеміндегі 5 орта білім беру ұйымдарында (№2,10,18,19,22 мектептерінде) 62 еден жуушы қызметкерлеріне 2020-2021 жылдары аралығында дезинфекциялық құралдарды пайдаланғаны үшін 5 млн. теңгеге жуық қосымша ақылар төленбегені анықталды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен күні бүгінге 34 жұмысшыға 2 943 089 теңге өндірілген болса, қалған 28 жұмысшыға 2 161 000 теңге жыл соңына дейін төленуі жоспарлануда.
Сонымен қатар, білім бөліміне алдағы уақытта жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігі атап көрсетілді.

Жылыой ауданының прокуратурасы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521