Президенттің Жолдауы: Елдің дамуы мен болашағының бағыттары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – еліміздің даму жолындағы маңызды кезең.

Бұл Жолдау тек мемлекеттік саясаттың бағыттарын айқындап қана қоймай, бүкіл қоғамның назарын аудартатын, ел өміріндегі шешуші қадамдарды белгілейтін құжат болды. Ол халыққа нақты мақсаттар мен міндеттерді қойып, алдағы жылдарға үміт пен сенім ұялатты.

Жолдауда экономикаға қатысты бірнеше маңызды бастамалар айтылды. Елдің экономикалық әлеуетін арттыру үшін шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, өнеркәсіпті жаңғырту бағытында нақты қадамдар қарастырылды.

Президент бұл мәселелерді шешудің экономикалық тұрақтылық үшін маңызды екенін атап өтті. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында өндірісті өңдеуге назар аудару арқылы өнімдерді экспортқа шығару мүмкіндігін арттыру көзделіп отыр. Мұндай қадамдар ішкі экономиканы дамытудың және халықтың жұмыссыздық мәселесін шешудің жолы болары сөзсіз.

Қала тұрғыны Медина Әділхан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT