Президенттің Жолдауы: Алдағы жол мен мақсаттар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы — мемлекетіміздің даму жоспарын айқындайтын маңызды құжат.

Бұл Жолдауда еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына қатысты нақты міндеттер мен жоспарлар белгіленді. Жолдауды тыңдай отырып, әрбір азамат елдің болашағы үшін жасалып жатқан қадамдарды сезінеді, әрі қоғамның әрбір саласында өзгерістер болатынына сенім артады.

Цифрлық трансформация мен жаңа технологияларды енгізу туралы сөз қозғалуы да өте маңызды. Әлемдегі барлық дамыған елдер қазіргі уақытта цифрлық экономикаға бағыт алып, бизнес пен мемлекеттік басқаруды оңтайландырып жатқанда, Қазақстан да осы бағытты дамытуы қажет.

Бұл тұрғыда жасанды интеллект, блокчейн технологиялары мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қолға алу қажет. Мемлекет басшысы цифрлық білім беру мен электронды қызметтерді кеңейту мәселесін көтере отырып, елімізде цифрлық революцияны жүзеге асырудың негізін қалап отыр.

Жолдаудың негізгі арқауы – халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және экономикалық тұрғыдан тұрақты мемлекет құру. Президент бұл Жолдауда жаңа заманауи талаптарға сай қадамдар жасап, халықтың болашаққа деген сенімін арттырды. Әрбір ұсыныс, әрбір бастама еліміздің дамуында маңызды рөл атқарып, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеретіні сөзсіз.

Қала тұрғыны Бұлбұл Рзаханова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT