Президентке сенім – қоғам бірлігінің көрсеткіші

Жуырда жарияланған әлеуметтік зерттеу қорытындысы мені қуантпай қоймады. Өйткені бұл нәтижеден біз ел ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытын қолдау әлі де жоғары деңгейде екенін көреміз. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнамаға қатысқан азаматтардың 82 пайыздан астамы Президентке зор сенім білдіріпті. Бұл – халықтың болашаққа деген үмітінің айқын көрінісі.

     Маған әсіресе жастардың қолдауы ерекше әсер етті. 18 бен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың 90 пайызға жуығы Президенттің бағытын құптайды екен. Иә, жас буын – елдің ертеңі. Сондықтан олардың сенімі мен қолдауы еліміздің даму жолына деген сенімді нығайта түседі.

     Сауалнамадан ауылдағы ағайынның да сенімі зор екенін байқаймыз. Бұл да - заңды құбылыс. Себебі, ондағы тұрғындар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды, әлеуметтік бағдарламаларды күнделікті тұрмысынан-ақ сезінеді. Сонымен қатар, сауалнамада білім беру саласының ұстаздарынан бастап, құқық қорғау органының қызметкерлеріне дейін түрлі маман иелері де Президентке сенім білдіргені көрсетілген. Бұлқоғамның әрбір тобы қазіргі саяси бағытты қолдайтынын білдіреді. Менің ойымша, мұндай қолдау кездейсоқ емес.

     Ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың, ашықтық пен әділеттіліктің, ең бастысы, халықтың үнін ескерудің жемісідеп білеміз мұны. Президентке деген сенім – халықтың мемлекетке деген сенімінің көрсеткіші десек артық айтқандық  емес. Сондықтан Мемлекет басшысының жобаларына қашанда оң көзқараспен қарағанымыз абзал. Қанша дегенмен мұнда елдің ертеңі, Отанның келешектегі келбеті тұр.

С.Иванқызы,

Құлсары қаласы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT