Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысуы – еліміздің өңірлік ынтымақтастықтағы белсенді ұстанымын айқын көрсетті.
Бұл кездесудің басты мәні – көрші елдер арасындағы достық, өзара түсіністік пен бірлескен даму бағыттарын нығайту. Мемлекет басшысы саммитте көлік-логистика саласын жетілдіру, сауда айналымын арттыру және ауыл шаруашылығын терең өңдеу сияқты өзекті мәселелерге назар аударды.
Оның бастамалары қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне де оң әсер етеді. Себебі жолдар мен теміржол қатынасының дамуы – жаңа жұмыс орындары мен жаңа нарықтардың ашылуына жол ашады. Ал ауыл шаруашылығын өркендету – аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мұндай кездесулердің ең басты мақсаты – елдер арасындағы өзара сенім мен тату көршілік қарым-қатынасты күшейту. Қазақстан бұл бағытта әрқашан ашық саясат ұстанып, көпвекторлы ынтымақтастыққа басымдық беріп келеді. Тоқаевтың сындарлы ұстанымы мен нақты ұсыныстары Орталық Азияны тұрақтылық пен өркендеудің кеңістігіне айналдыруға бағытталғаны қуантады.
Қала тұрғыны Ләззат Елеусінова