Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес кепілдік берілген сома шегінде жергілікті атқарушы органдар олардың құнын өтеу шарттарымен мүгедектігі бар адамдар үшін өнім беруші ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.
Порталда жұмыс істеу үшін порталға қатысушылар келесі әрекеттердің жиынтығын жасайды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын алып, https://aleumet.egov.kz/ мекенжайы бойынша порталда тіркеу рәсімдерінен өтеді.
Ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы порталға "Алушының жеке кабинеті" модуліне мемлекеттік органның ЭЦҚ-сымен куәландырылған портал қатысушыларының мынадай деректері түседі:
- тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
- туған күні;
- жынысы;
- тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжайы (бар болса);
-порталдан хабарламалар жіберу үшін МАБ тіркелген абоненттік нөмірi;
-жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берген орган, берілген күні, қолданылу мерзімі).
Портал қатысушысы "Алушының жеке кабинеті" модулінде абоненттік нөмір өзгерген кезде оны түзетеді және порталдан ақпарат алу үшін электрондық пошта мекенжайын енгізеді.
Сол себептен мүмкіндігі шектеулі жандардың назарына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қолдану мерзімі 1 (бір) жыл екендігін хабарлаймыз. ЭЦҚ мерзімі өтіп кеткен жағдайда порталға кіру мүмкіндігі болмайтындығын және тұрақты мекен-жайыңыздың міндетті түрде болуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты



