Пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады!

Аудан көлемінде 2025 жылдың желтоқсан айының 5-і мен 2026 жылдың қаңтар айының 3-і аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның басты мақсаты - аудан көлемінде азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, оны әкету қағидаларына, оны кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануының алдын алу, ересектер мен балалар арасында жарақаттануды болдырмау мақсатында, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы және жеке қауіпсіздік шаралары туралы заңсыз құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

 Құлсары қаласында және ауылдық округтерде орналасқан сауда-саттық орталықтарында, дүкендерде пиротехникалық бұйымдарды сату ережесі және оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу тәртібін бұзу фактілерін анықтау үшін аудандық полиция бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бірлесіп жұмыс тобы құрылып, объектілерді тексеру жалғасуда.

Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бей-берекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, бұл ретте адамдар жаппай жиналатын орындарды (сауда ойын-сауық мекемелері, сауда және спорт объектілері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдары, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, станциялар және т.б.) тексеруге ерекше назар аударылуда. 

Жоғарыдағылардың негізінде, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған заңды және жеке тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 436 бабының 2,3 бөлігі, 483 бабының 1,2 бөлігі, 196 бабымен және 415 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

 Ш.Бағытов,

аудандық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қару айналымын

 бақылау және табиғатты қорғау полиция тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT