Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2025 жылдың қорытындысы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы бөлім қызметкерлерінің қатысуымен қорытынды отырыс ұйымдастырылды. Отырыста жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, нәтижелер талқыланды.
2025 жылы бөлім тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Атап айтқанда, 2025 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға - 2819 мемлекеттік қызмет, оның ішінде: 373 – электронды үкімет, 1227 – проактив (өтінішсіз), 1123 – мемлекеттік корпорация және 96 - мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлық түрі автоматтандырылған. Өтінішті мемлекеттік корпорация немесе e-gov арқылы бере алады. Бұдан бөлек, бөлім ғимаратында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және арнайы бір қызметкер бөлінген.
2025 жылы аталған бұрыш арқылы 1606 мүмкіндігі шектеулі жан қызмет алған. Оның ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтініштері негізінде таңдау жасау қызметтері.
Сонымен қатар көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру, өтініш беру рәсімін жеңілдету және алдағы жылға арналған басым бағыттар айқындалды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, нақты міндеттер жүктелді.
Л.Досжанова,
аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы



