.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасымен арадағы ынтымақтастық жайлы айтқан пікірлерін толық қолдаймын. Екі ел арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас еліміздің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Қытайдың саяси шарт қоймастан, еліміздің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне құрметпен қарауы нағыз стратегиялық серіктестік үлгісі. Бұл біздің сыртқы саясатымыздың сындарлы және салмақты екенін көрсетеді.
Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамып жатқаны қуантады. Лу Бань шеберханалары, Қытай ЖОО-ларының филиалдары мен ғылыми орталықтардың ашылуы жастарға жаңа мүмкіндік, жаңа білім жолы.
Атом энергетикасы саласындағы жоспарлар да болашаққа сеніммен қарауға негіз береді. Қытайдың CNNC компаниясымен серіктестік орнату еліміз үшін технологиялық серпіліс әкеледі деп сенемін.
2025 жылды «Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы» деп жариялау халықтар арасындағы мәдени алмасуды одан әрі тереңдетеді. Мұндай қадамдар тек экономиканы емес, елдер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты да нығайтады. Президентіміздің бұл бастамаларын толығымен қолдаймын!
Гайдар Арыстанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы