Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бойынша шешім қабылданғанын, ол сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Автонесиеге келетін болсақ, бүгін отырыста шешім қабылданды. Бұрын айтқанымдай, осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі", - деді Өскенбаев.
Еске салайық, жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы сәуірден бастап жұмыс істей бастайтыны айтылған болатын. Бағдарламаға утильалымнан түскен 100 миллиард теңге бөлінеді.
tengrinews.kz