Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты негізінде ілгерілету жұмыстарын күшейтуге баса назар аударып келеді.
Өз кезегінде, 2021 жылы Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарында өткізілген ішкі конкурстар нәтижесімен 64% мемлекеттік қызметші, яғни 70 қызметшінің 45-і меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға тағайындалды.
Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының маңызды бастамаларының бірі – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау мақсатында Президенттік жастар кадр резервін жасақтау болып табылады. Аталған резервке 2021 жылы өңірден 397 азамат өтініш білдіріп, 2 азамат резервшілер қатарына енді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке студенттерді алдын-ала бейімдеу, дарынды, белсенді жастарды тарту мақсатында Департаментпен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жандандырылып, ағымдағы жылы 24 студент қабылданды.
Қазіргі таңда аталған «мектеп» студенттері Департаментте, облыстық, қалалық әкімдікте және өзге де мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуде.